Қазағым қайда барасың? Ұлтжандылықты ұмытып, Қазағым қайда барасың? Батысқа қарай еліктер Жастарың көп алашым Келе жатқан ұрпаққа Қандай үлгі боласың? Біздің қазақ еді ғой, Жылатпас жетім баласын. Тексіздер қарттар үйіне Тастап кетуде анасын Улап жатыр шетелдің Киносы жастар санасын. Жұрттың бәрі естуде Жаңаөзен қаласын Айыру қиын бүгінде Адамның ақ-қарасын Тәуелсіздік енді алғанда, Құрықтап жатыр данасын. Бұл күндері азаймай, Көбейіп кетті пара тым. Намысты ұлдар сөйлесе, Әр сөзін талдап,тағар сын Өсіп келе жатқан жастардың Көре алмай аяғын шаларсың. Шылым шеккен қыздарды, Кез-келген жерден табарсың. Мұның бәрі шынндық қой Оған жоқ еш таласым Шенеуліктер ел байлығын Тонауда батырып қарасын. Солардың бәрін құрықтап Беру керек ату жазасын. Кешіріммен қарасаң, Ертең азып-тозасың. Ата-бабам тексіздің. Жерлеген бөлек қазасын. Қыздарың жүр безектеп, Ертен ана болар кім? Азайтпасақ бұларды, Гүл секілді соларсың Тексіздің көзін жоймасаң. Құлдырап мәңгі қаларсын. Тілегені осыма Алладан, Құнанбай,Абай солардың. Орыстан көрген қиындықтың, Тырналаудасын жарасын. Біздерге күлген өзге ұлттар Берер қанша бағасын. Ұлт қамын ойлап сөйлейтін, Ұлдарың аз жанашыр Қашан туар қазаққа? Ынтымақшыл болар күн, Мың құбылып бұл күнде Қазағым қайда барасың? Әшші ғой дәмі шындықтың, Тереңде жатқан сырды ұқтым Күнін кешпеспін әрине, Қахылдаған үндіктің. Қазақтың мұңын айттың деп, Мағанда кінә тағылар Шындыққа жақын қазақпын, Сондықтан мені танып ал. Өйткені мені қорғайтын, Алты алаштың қаны бар. Шенеуліктердің көп бөлігі, Сапасы жоқ саны бар. Меніде жақтап демейтін, Қолдайтын адам табылар. Әркімнің де халқына Айтатын бір назы бар Қазақтың бұл жарасы Мүмкін бір күн жазылар. Сахан Алдияр.